Сайлау — комиссияның сауаттылығына байланысты болады — Аханова
Елімізде 11 мыңға жуық сайлау учаскелері бар. Сайлау кезінде арандатушылықтың алдын алу үшін не істеледі? Мұндай әрекетке барған адам қандай жауапкершілікке тартылады? Бұл жөнінде «Ашық Алаң» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2019 жылдан бері сайлау комиссиясының төрайымы қызметін атқарып келемін. Бізде айтарлықтай фактілер болған жоқ. Сайлаудың талапқа сай өтуі үшін комиссия мүшелеріне оқыту жұмыстарын жүргіземіз. Яғни, сайлаушы келген кезде қандай іс-әрекет жасайды, тізімнен дауыс берушіні тауып, бюллетенге қол қойғызу секілді жұмыстарды атқарады. Ал дауысты көбейту сияқты фактілер бізде әлі тіркелмеді. Бұл көбіне сайлау комиссиясының сауаттылығына да байланысты деп ойлаймын
- деді Астана қаласы №112 сайлау учаскесінің төрайымы Ләйлә Аханова.
Қылмыстық кодексті